ЖАҢАРУ – ІЗДЕНІС ЖАРШЫСЫ
- Толығырақ
- Қаралғаны: 67 рет
25 қараша 2020 жыл
2020 жылдың 25 қарашасы күні Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жоспарына сәйкес «Филология институтының» ұйымдастыруымен «Жаңару – ізденіс жаршысы» тақырыбындағы республикалық оқу-әдістемелік семинар ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өтті.
Семинардың мақсаты – жаңартылған білім мазмұнына сәйкес болашақ педагог мамандарды даярлау жұмыстарын жетілдіру және дамыту, мектеп, колледж және жоғарғы оқу орындарының педагогтары мен білім алушыларына әдістемелік тұрғыдан қолдау көрсету.
ОНЛАЙН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
- Толығырақ
- Қаралғаны: 69 рет
13 қараша 2020 жыл
«Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Смагулова Маржан Бертаевна 13 қараша күні «Онлайн оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинардың мақсаты – заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгере отырып, оларды қашықтан оқытуда және педагогикалық қызметте қолдану мүмкіндіктерін көрсету. Вебинарға әртүрлі пән мұғалімдері қатысты.
ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУ – ТАБЫСТЫ ОҚЫТУ НЕГІЗІ
- Толығырақ
- Қаралғаны: 93 рет
10 қараша 2020 жыл
2020 жылдың 10 қарашасы күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Ж.Р.Жубауова мен Қызылорда қаласындағы С.Толыбеков атындағы №3 IT-мектеп-лицейінің зерттеуші мұғалімі, «Үздік химик – 2020» қалалық кәсіби байқауының 1-орын жүлдегері, жас мамандар мектебінің жетекшісі Г.Т.Сарыбаева жас мамандарға ZOOM платформасы негізінде әдістемелік тұрғыда қолдау жасады. «Тиімді жоспарлау – табысты оқыту негізі» атты әдістемелік онлайн дәріске 36 жас маман қатысты.
«Өмірі өнегелі дана ұстаз» байқауы
- Толығырақ
- Қаралғаны: 78 рет
4 қараша 2020 жыл
Қызылорда облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен №10 дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында 1963-83 жылдары Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы қызметін абыроймен атқарған ардақты ұстаз Уәли Төрәлиевтің 100 жылдық мерейтойына орай «Өмірі өнегелі дана ұстаз» тақырыбында мәнерлеп оқудан 3 қараша күні байқау ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында «Ұстаз» сөзінің қадірлі ұғым екенін дәріптеу, талантты және дарынды оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық, мәнерлеп оқу шеберлігін шыңдау.
ҚАШЫҚТАН ОҚУ: ТӘЖІРИБЕ, ТАЛДАУ, ТАБЫС
- Толығырақ
- Қаралғаны: 80 рет
2 қараша 2020 жыл
2020 жылдың 30 қазаны күні «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен Қызылорда қаласындағы С.Лапин атындағы №261 орта мектебінің бірлесіп ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Қашықтан оқу: тәжірибе, талдау, табыс» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Семинарға мектеп директорлары, Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері, мұғалімдер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Семинар барысында қазіргі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер қамтылды.