Жаңартылған білім мазмұнындағы бағалау жүйесінің мазмұны мен мақсаты
- Толығырақ
- Қаралғаны: 100 рет
30 қыркүйек 2019 жыл
2019 жылдың 30 қыркүйек күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және «Мектеп-ата-ана-қоғам» қоғамдастығының бірлесе ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы №257 орта мектепте «Жаңартылған білім мазмұнындағы бағалау жүйесінің мазмұны мен мақсаты» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.
Әдістемелік семинарда ата-аналар және пән мұғалімдерімен критериалды бағалау, жиынтық бағалау кезеңдері мен үдерісі, ата-ана мен баланың қарым-қатынасындағы бағалаудың орны, ата-ананың педагогикалық әдебі тақырыбында шеберлік сыныбы, сындарлы диалог жүргізілді.
«Өрлеу» бастауыш партия ұйымы ашылды
- Толығырақ
- Қаралғаны: 67 рет
27 қыркүйек 2019 жыл
2019 жылдың 26 қыркүйек күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Рухани жаңғыру» кабинетінде «Nur Otan» Партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихаттың депутаты Ш.Абдрахманов «Өрлеу» бастауыш партия ұйымын ашты.
Күн тәртібіне сәйкес «Өрлеу» бастауыш партия ұйымының төрағасы болып «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов сайланды.
ҚР Парламенті Сенатының депутаты М.Бақтиярұлымен кездесу
- Толығырақ
- Қаралғаны: 61 рет
25 қыркүйек 2019 жыл
2019 жылдың 21 қыркүйек күні ҚР Парламенті Сенатының депутаты М.Бақтиярұлы қаладағы жаңадан салынып жатқан жаңа мектептің құрылыс алаңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұжым мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында М.Бақтиярұлы «ҚР Президентінің Қазақстан халқына арналған жолдауынан туындайтын міндеттер» тақырыбында бәсекеге қабілетті ұлт, бақытты отбасы, саналы да білімді ұрпақ қалыптастыруға бағытталған сындарлы саясатының нәтижесінде ана мен
Жаңартылған білім беру жағдайында «Көркем еңбек» пен «Графика және жобалау» пәндерін оқытудың ерекшеліктері
- Толығырақ
- Қаралғаны: 62 рет
23 қыркүйек 2019 жыл
2019 жылғы 20 қыркүйекте «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жедел жоспарына сәйкес институтта «Жаңартылған білім беру жағдайында «Көркем еңбек» пен «Графика және жобалау» пәндерін оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.
Семинар мақсаты – білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Көркем еңбек» және «Графика және жобалау» пәндерін оқытудың өзекті мәселелерін айқындау, инновациялық тәжірибе тиімділігін талқылау, өзара тәжірибе алмасу.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны жағдайларында білім беру процесі
- Толығырақ
- Қаралғаны: 59 рет
20 қыркүйек 2019 жыл
2019 жылдың 20 қыркүйек күні «Өрлеу БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және Қызылорда қаласындағы «Алпамыс» бөбекжай балабақшасының бірлесіп ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны жағдайларында білім беру процесі» тақырыбында көшпелі тәжірибелік семинар өткізілді.
Тәжірибелік семинарға филиалдың аға оқытушысы Л.Ташева, облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының мектепалды даярлық топ педагогтері, балабақша әдіскерлері мен тәрбиешілері, бүлдіршіндер қатысты.