Біліктілік арттыру курстары – кәсіби өсудің кепілі

27 маусым - 15 шілде 2016 жыл

2016 жылдың маусым айының 27 мен шілде айының 15 аралығында Қазақстан Республикасы бойынша орта білім мазмұнын жаңарту аясында біліктілік арттыру курстары ұйымдастырылды.

Жалағаш ауданында мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету кафедрасының аға оқытушысы Г.Таласбаеваның жетекшілігімен білім мазмұнын жаңарту аясында «Бастауыш сынып» пәндері бойынша біліктілік арттыру курсы өткізілді.

Толығырақ...

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Наталья Васильевна Жумадильдаева «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚОБ ПҚ БАИ ұжымымен кездесті

13 шілде 2016 жыл

2016 жыл 13 шілде күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мәжіліс залында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Наталья Васильевна Жумадильдаевамен кездесу кеші өтті.

Кездесу кешін «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Бауыржан Тәжмағанбетұлы Елеусінов ашты. Өз сөзінде Б.Елеусінов институтта атқарылып жатқан жұмыстар, біліктілік арттыру курстарының басым бағыттары және алдағы міндеттер жайлы баяндады.

Толығырақ...

Құрметті әріптестер!

05 Шілде 2016 жыл

Сіздерді мемлекеттік мереке – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сайын Сарыарқаның төсінде, Ерке Есілдің жағасында жаңаша сәулеттік нақышпен бой түзеген Қазақстанның жас елордасы, бүгінгі Астана – қарыштап дамыған мемлекеттің, мәңгілік достықтың символы, қазақтың – мерейі, қазақтың – мәртебесі.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген Елордамыз – егемендігіміздің нышаны, барша қазақстандықтың болашаққа деген үміті.

Айтулы мереке қарсаңында, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт, ырыс-береке, қызметтеріңізге толағай табыс тілеймін

Толығырақ...

«Өлкетану жұмысы – патриоттық тәрбиенің бір формасы» тақырыбындағы дөңгелек үстел


22 маусым 2016 жыл

2016 жылдың 22 маусым күні АҚ «Өрлеу» БАҰО филиалы ҚР ББЖ ҚБАРИ «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к., Маханбетова Агима Абиловнаның ұйымдастыруымен мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған біліктілік арттыру курсының аясында «Өлкетану жұмысы – патриоттық тәрбиенің бір формасы» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті.


Толығырақ...

«Smart технологияның мүмкіндіктерін пайдалану жолдары» тақырыбындағы семинар


21 маусым 2016 жыл

2016 жылдың 21 маусым күні «Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету кафедрасының аға оқытушысы Смагулова Маржан Бертаевна институт қызметкерлеріне арналған «Smart технологияның мүмкіндіктерін пайдалану жолдары» тақырыбында семинар өткізді.

Толығырақ...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ