БҒМ БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІН ҰЗАРТТЫ
- Толығырақ
- Қаралғаны: 167 рет
16 шілде 2020 жыл
Карантин режимі жағдайында талапкерлерге ыңғайлы болуы үшін БҒМ білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімін ұзартты. Құжаттар 20 шілдеге дейін емес, 25 шілдеге дейін қабылданады.
Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкер Egov.kz "электронды үкімет" порталы арқылы келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- өтініш;
- білімі туралы құжат;
- жеке куәлік көшірмесі.
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ EGOV.KZ «ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ» ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ ОНЛАЙН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
- Толығырақ
- Қаралғаны: 175 рет
10 шілде 2020 жыл
1-сыныпқа құжаттар 1 тамызға дейін қабылданады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады. Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.
20 маусым мен 25 тамыз аралығында колледждерге құжаттар қабылданады. Биыл қабылдау емтихандары өткізілмейді, конкурс аттестаттың міндетті және бейінді пәндерінің жиынтық балы бойынша жүргізіледі. Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтар үшін арнайы конкурстар өткізіледі.
13-20 шілде аралығында мемлекеттік білім гранттары конкурсына құжаттарды қабылдау басталады.
МАГИСТРАТУРА МЕН ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУ ҮШІН ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР
- Толығырақ
- Қаралғаны: 112 рет
09 шілде 2020 жыл
15 маусымнан 15 шілдеге дейін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау жүргізіледі. Тестілеу электронды форматта 1 - 15 тамыз аралығында компьютерлік форматта өткізіледі.
Магистратура бойынша білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер 16 - 20 тамыз аралығында қабылданады.
3 шілдеден 3 тамызға дейін докторантураға түсуге өтініштерді қабылдау жүргізіледі.
Докторантураға түсу емтихандары 4 - 20 тамыз аралығында өткізіледі.
‼ Өтініштерді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы https://pvo-zayav.testcenter.kz жоо қабылдау комиссиялары қабылдайды.
ПАНДЕМИЯҒА БАЙЛАНЫСТЫ БҒМ МАГИСТРАТУРА МЕН ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУ ҮШІН DUOLINGO ЖӘНЕ IELTS INDICATOR ОНЛАЙН ТЕСТІЛЕРДІҢ СЕРТИФИКАТТАРЫН ҚАБЫЛДАУҒА РҰҚСАТ БЕРДІ
- Толығырақ
- Қаралғаны: 150 рет
09 шілде 2020 жыл
Пандемияға байланысты БҒМ магистратура мен докторантураға түсу үшін Duolingo және IELTS INDICATOR онлайн тестілердің сертификаттарын қабылдауға рұқсат берді
Duolingo English Test және IETLS Indicator прокторингтің заманауи жүйелерін пайдаланады. Тестілеу көшіріп алуға мүмкіндік бермейтін ақпараттық жүйелер арқылы өткізіледі.
Магистратураға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ) барысында шет тілінен тест тапсыруға болады.
IELTS INDICATOR бойынша шекті балл 6,0-дан кем емес, Duolingo English Test бойынша – 95-тен кем емес болуы қажет.
БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСТАРЫ: РОБОТОТЕХНИКА НЕГІЗДЕР
- Толығырақ
- Қаралғаны: 200 рет
03 шілде 2020 жыл
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 22 маусым мен 03 шілде аралығында орта білім беру ұйымдарының информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Робототехника негіздері» тақырыбында курс онлайн режимінде өткізілді.
Курсқа облыс бойынша барлық аудандар мен қаладан 23 тыңдаушы қатысты.