Жаңартылған білім мазмұны – жаңашылдыққа бастама

 

2018 жылдың 21 ақпан күні Қызылорда қаласындағы №278 орта мектептің базасында «Жаңартылған білім мазмұны – жаңашылдыққа бастама» тақырыбында қалалық семинар болып өтті.

Семинар жұмысына «Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Қ.Есекеева, қалалық білім бөлімінің әдіскері Г.Жылқайдарова, Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Б.Ділманов және қала мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Семинар бағдарламасы бойынша жаңартылған білім мазмұнына сәйкес 2-5-7-сыныптарда қазақ тілі, ағылшын тілі, математика пәндері бойынша және физика, математика, информатика пәндерінде ағылшын тіліне кіріктірілген CLIL әдісімен сабақтар көрсетілді.

Семинар барысында мектеп тренері О.Тыманбаева «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың басты негізі» тақырыбында тренинг өткізіп, латын әліпбиінің тиімділігін қарастырып, әліпбиді қолдануды тәжірибелік жұмыстар арқылы көрсете білді.

Мектеп тренері А.Бисенова «Рухани жаңғыру және білім – болашаққа нық қадам» тақырыбында коучинг өткізді. Коучинг барысында ұстаздар Елбасы Жолдауында көрсетілген маңызды мәселелер бойынша пікір алмасып, ойларын ортаға салды.

«Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Қ.Есекеева семинардың жаңаша форматта ұйымдастырылғанын айта келіп, жаңартылған білім мазмұны бойынша өткізілген шараларға кері байланыс жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Семинар жұмысын қорытындылау жаңаша бағытта «ТЕDх» форматында ұйымдастырылды.

Семинар соңында үздік жұмыс көрсеткен мұғалімдерге институт тарапынан алғыс хаттар табысталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28        

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ