• «Инновациялық білім беру технологияларының педагогтің кәсіби өсуіндегі рөлі» атты облыстық семинар

  • республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ

  • Қазақстан ұлы дала елі

  • Бүкіл бастауыш мектеп бағдарламасы бір веб-сайтта. Көр! Ойна! Үйрен!

  • Әлемдегі ең үздік видеосабақтарды көр

  • Облыстық мектеп директорларының семинары

  • Халықаралық семинар

Сәден Нұртаев атындағы Қазақстан тарихы пәнінен облыстық олимпиаданың ІІ кезеңі өткізілді


2018 жылдың 4 мамыр күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақжар ауылындағы №28 орта мектептің базасында КСРО білім беру ісінің үздігі Сәден Нұртаев атындағы Қазақстан тарихы пәнінен 9-10 сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиаданың ІІ кезеңі өткізілді.

Облыстық олимпиаданың мақсаты – оқушылардың Қазақстан тарихы пәніне деген интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін айқындау және дамыту, дарынды оқушыларды қолдау, оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру.

Облыстық олимпиадаға «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Елеусінов Бауыржан Тәжімағанбетұлы, ардагер-ұстаз Үсен Баймаханов, ұлағатты ұстаз Сәден Нұртаевтың ағайын-туыстары Нұртілеу Салықов, Жайсанова Гүлшарипа, Сыр елінің қайраткер азаматы, Ел ағасы Өмірбек Жүсіпов, аудандық білім бөлімінің басшылары, мектеп ұжымымен қатар институт қызметкерлері және орта білім беру ұйымдарының 9-10 сынып оқушылары қатысты.

Облыстық олимпиада 2 кезең бойынша өткізілді:

І кезеңде қатысушылар ACTIVote құрылғысы арқылы тест сұрақтарына жауап берді. Турдың қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған 9-сыныптан 8 (сегіз) және 10-сыныптан 8 (сегіз) қатысушы ақтық турға жолдама алды.

ІІ кезеңде ақтық турға жолдама алған қатысушылар Power Point бағдарламасында жасалған деңгейлік тапсырмаларға жауап беру арқылы ұпайлар жинады. Ұпай қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған қатысушылар жеңімпаз және жүлдегер атанды.

Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылардың барлығына дерлік естелік сыйлықтар мен 10 000 теңгеден қаржылай сыйақылар және де ІІ кезеңге өткен қатысушыларға тағы да 10 000 теңгеден қаржылай сыйақылар мен Алғыс хаттар табысталды.

І, ІІ және ІІІ жүлделі орын алған жеңімпаздарды ұйымдастыру комитеті дипломдармен марапаттап, қаржылай сыйақылар табыстады.

9 сынып оқушылар арасында:

І жүлделі орын иегері – Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Ш.Ермағанбетов атындағы №246 орта мектептің 9 сынып оқушысы Бахтиярова Ақниет Нұрланқызына 100 000 теңге қаржылай сыйақы;

ІІ жүлделі орын иегері – Қызылорда облысы, Арал ауданы Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Қайырла Ранай Нұрлыбекқызына 30 000 теңге қаржылай сыйақы;

ІІІ жүлделі орын иегері – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы №29 Т.Ізтілеуов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Мырзағали Қайсарға 20 000 теңге қаржылай сыйақы табысталды.

10 сынып оқушылар арасында:

І жүлделі орын иегері – Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылындағы №129 Ә.Жәмішев атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Келдібай Исатай Нұрлыбекұлына 100 000 теңге қаржылай сыйақы;

ІІ жүлделі орын иегері – Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы №249 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Әзілхан Рауан Қайратұлына 30 000 теңге қаржылай сыйақы;

ІІІ жүлделі орын иегері – Қызылорда облысы, Арал ауданындағы №57 Е.Көшербаев атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Жақсылықов Жанболат Бақытұлына 20 000 теңге қаржылай сыйақы табысталды.

Іс-шара соңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Елеусінов Бауыржан Тәжімағанбетұлы І, ІІ және ІІІ жүлделі орын алған жеңімпаздарды құттықтап, облыстық олимпиадаға қатысушылардың жетекшілеріне Алғыс хаттар табыстады.

Сонымен қатар исламтанушы, ұлағатты ұстаз, КСРО білім беру ісінің үздігі Сәден Нұртаев атындағы тарих кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Ақжар ауылының Мәдениет үйінде облыстық олимпиада аясында «Жаңартылған білім мазмұны – заман талабы» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Ғылым докторлары, тренерлер дәріс оқып, түрлі тренингтер жүргізді. Семинар жұмысына облысымыздың шығармашылықпен жұмыс жасайтын 100-ге жуық белсенді мұғалімдері мен жаңартылған бағдарламалар бойынша сертификатталған мұғалімдері қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Мамыр 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ
Watch Kickboxer: Retaliation Movie
Free Porn Three Big Cocks Three Pornstars Fuck Hd Porn Celebrity Pornstar Aloha Skye Fuck Out