Тәжірибе алаңы – кәсіби өсу кепілі

 

2019 жылдың 2 қаңтарында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және Облыстық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Жаңақорған» шипажай базасында облыс көлемінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздардың қатысуымен «Тәжірибе алаңы» жобасы басталды. Жобаға Қызылорда облысынан 80 мұғалім қамтылды.

Тәжірибе алаңының ашылу салтанатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, ұйымдастыру алқасының жетекшісі С.Құсейнов сөз алып, облыстық жобаның маңыздылығына тоқталып өтті. Сонымен қатар Қызылорда облыстық Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті төрайымының орынбасары Г.Ескалиева қатысушыларды жаңа жылдарымен құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі.

Жиын аясында «Мұғалімнің жеке ізденіс зертханасы» кәсібилік көрмесі ұйымдастырылып, шығармашыл мұғалімдердің инновациялық жобалары мен ғылыми ізденістері, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлерде марапатталған мұғалімдер жетістіктері көрсетілді.

Ұйымдастыру алқасы мен сарапшылардың шешімі бойынша аудандар бойынша келіп түскен әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтар, авторлық бағдарламалар, дидактикалық материалдар сарапқа салынды. Сараптау кеңесінің қорытындысы негізінде белсенді қатысушылар жүлделі орындармен марапатталды.

Оқу үдерісінде түрлі жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып сабақты (ҰМЖ, ҚМЖ) жоспарлауға, оқу сапасы туралы қорытынды жасай білуге қол жеткізуін үйрету, бағалау үдерістерінің дамуына ықпал ету мақсатында пән бойынша топтық жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар «Ауыл кеші көңілді» өнер кешіне қалалық және аудандық білім бөлімдері командалары түгелдей белсенді қатысып, көңілді ән, билерімен әзіл-шыны аралас көріністерімен өз өнерлерін ортаға салды. Қазылар алқасының шешімі бойынша үздік өнер көрсеткен командаларға жүлделі орындар берілді. І орынды Жалағаш аудандық білім бөлімінің командасы, ІІ орынды Қармақшы аудандық білім бөлімінің командасы, ІІІ орынды Арал және Қазалы аудандық білім бөлімдерінің командалары иеленді.

Іс-шара соңында Тәжірибе алаңының ұйымдастыру алқасы, тәуелсіз сарапшылар және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері конференц залға жиналып, бір күн бойы өткізілген іс-шараларға жеке-жеке тоқталып, сараптамалық талдау жасап, рефлексия жүргізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ