«Тәжірибе алаңы» ізденістерге толы

 

«Жаңақорған» шипажай базасында шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздардың қатысуымен «Тәжірибе алаңы» жобасы жалғасын табуда.

3 қаңтарда Тәжірибе алаңына қатысушы мұғалімдердің идеяларын ортаға салу, шығармашыл идеяларды қолдау, педагогикалық кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, шығармашыл мұғалімдерді анықтау, педагогикалық идеялар арқылы мұғалімдер тәжірибесіне оң ықпал ету мақсатында «Оқыту әдістемесін жетілдіру жолдары (екі бағытта)» тақырыбында идеялар аукционы ұйымдастырылды. Шара барысында С.Құсейнов идеялар аукционының мақсат, міндетін және қазылар алқасымен таныстырды. Қазылар алқасы қатысушылардың идеяларын (жұмыстарын) тыңдап, сараптау жасап, қорытындыларын шығарды. Нәтижесінде: Қазалы ауданындағы №249 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі А.Булебаева – 1 орын, Шиелі ауданындағы №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі Г.Бегалиева және Қызылорда қаласындағы №10 мектеп-лицейінің директоры А.Макашев – 2 орын, Сырдария ауданындағы №210 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ж.Залова және Қармақшы ауданындағы №277 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Аяпова – 3 орынды иеленді.

Жаңартылған білім беру аясында тәжірибе алаңына қатысушылармен «Жаңартылған білім беру: өзгеріс, тәжірибе, нәтиже» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Конференция жұмысына командалар ішінен 14 қатысушы баяндамаларын ұсынды. Конференция баяндамалары электронды ғылыми-әдістемелік жинақ түрінде PDF форматында жарияланады.

«Тәжірибе алаңы» жобасы барысында Әзілің жарасса.... (эпиграмма, пародиялар мен көріністер, КТК) әзіл-қалжың кешіне қатысушы командалар жақсы дайындалып келіп, өз әзілдерін тақырып төңірегінде үйлестіре отырып, кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. КТК 2 кезеңді құрады: 1. Үй тапсырмасы, 2. Биатлон (үздік әзілдер). КТК нәтижесі бойынша 1-орынды Қармақшы аудандық білім бөлімі, 2-орынды Қызылорда қалалық білім бөлімі, 3-орынды Қазалы аудандық білім бөлімінің командалары иеленді.

Қорытындысында Тәжірибе алаңының ұйымдастырушылары өткізілген іс-шараларға сараптама жасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ