Біліктілік арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесі талқыланды

2019 жылдың 1 ақпаны күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының профессорлық-оқытушылар құрамының қатысуымен педагогтердің біліктілігін арттыруда ваучерлік-модульдік жүйені ендіру мәселесіне байланысты жиын өтті.

Жиын барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов «Педагогтардың біліктілігін арттыруда ваучерлік-модульдік жүйесін қолданудың ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады. Б.Елеусінов Ресей Федерациясы Самара облысындағы ваучер негізіндегі біліктілікті арттыруды ұйымдастырудың ерекшеліктеріне, шет елдерде ваучер негізіндегі біліктілікті арттыру тәжірибесі мен зерттеу нәтижелеріне тоқтала келіп, Қазақстанда ваучерлік-модульдік жүйені енгізу ерекшеліктері жайлы баяндады. Оның ішінде біліктілікті арттыру курстарының мазмұнын әзірлеу, автоматтандырылған «Кадрлар» ақпараттық жүйесі және ваучерлерді енгізген жағдайда курстарды ұйымдастыру ерекшеліктеріне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар баяндамада ваучерлік-модульдік жүйе Самара облысында 1998 жылдан бастап енгізілгені және Ресейдің басқа аймақтарында таралмағаны жайлы айтылды. Баяндамашы ваучерлік-модульдік жүйесін терең талдай отырып, жіберілген барлық кемшіліктерді жою жолдарын анықтап, Қазақстанның бір аймағына педагогтердің белгілі бір контингенті үшін пилоттық жоба ретінде енгізу қажеттілігіне тоқталды.

Жиын барысында институттың аға оқытушылары С.Құсейнов, Ұ.Есмағанбетова, Ұ.Ешимова Қазақстанда біліктілікті арттыру тәжірибесіне ваучерлік жүйені енгізуге байланысты пікірлерін ортаға салды.

Жиын қорытындысында профессорлық-оқытушылар құрамының ұсыныстары мен пікірлері «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасына жолданды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Ақпан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ