«Ақиқат алаңы» бағдарламасында

 

2019 жылдың 6 ақпаны күні «Qyzylorda» телеарнасы «Ақиқат алаңы» бағдарламасының «Алаш арыстарының ақиқат жолы» атты хабарына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Б.Кожамберлиев және Қорқыт aта атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінiң оқытушылары, филология ғылымдарының кандидаты Ғ.Тұяқбаев, тарих ғылымдарының кандидаты С.Сақиев қатысып, сұхбат берді.

Хабар барысында профессор Б.Кожамберлиев қиын заманда қазақ елінің болашағы үшін күрескен ұлтымыздың мақтанышы Мыржақып Дулатұлының ағартушылық, демократиялық бағыттағы озық ойларына тоқталып, «Оян, қазақ!» өлеңі туралы көрермендерге баяндап берді. Өлең идеясы – қазақтың нағыз ұлттың сана-сезімін оятатын терең мағыналы екенін атап көрсетті. Мыржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» деп қалың ұйқыдағы қазақ даласын оятуға арнағаны, «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы қазақ халқының азаттық жолындағы күресінің манифесі ретінде маңызды рөл атқарған құнды еңбек деп жоғары баға берді.

«Ақиқат алаңы» бағдарламасының қатысушылары Алаштың ағартушылық, демократтық бағыттағы арыстарының бipi Мыржақып Дулатұлы жайлы ой-пікірлерін ортаға салып, телекөрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Ақпан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ