«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» қызметкерлерімен кездесу

 

2019 жылдың 8 ақпаны күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұжымы «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Б.Ержанованы және банк қызметкері Н.Жәнібекқызын ұжымға таныстырды.

Кездесу барысында банк қызметкерлері Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметтері туралы кеңестер беріп, Қызылорда облысы мен өзге аймақтардан «Өз үйім», «Орда» өңірлік тұрғын үй бағдарламалары бойынша тұрғын үй алу мүмкіндігі, салымшылар қаражатын тұрғын үй құрылыс депозиттеріне жинау, оларға тұрғын үй заемын ұсыну арқылы қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі және тұрғын үй сатып алу мақсатында депозит ашу, кредит рәсімдеу туралы барлық қажетті ақпараттармен таныстырды.

Кездесу барысында «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директоры Б.Елеусінов аталған бағдарламалар аясында институт қызметкерлерін қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Ақпан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ