Облыстық «Үздік тіл маманы-2019» байқауы

 

2019 жылдың 8 ақпаны күні Қызылорда қаласындағы Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицей базасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен және Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы, Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының демеушілігімен облыстағы жалпы орта білім беру мекемелеріндегі қазақ тілінде емес сыныптардың «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімдерінің қатысуымен «Үздік тіл маманы-2019» байқауы өткізілді. Байқауға аудандық байқаудың 9 жеңімпазы қатысты.

Байқау барысында Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінде пән мұғалімдері тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және функциональды сауаттылыққа үйретудегі шығармашылық ізденістерін сабақ үдерісінде ортаға салды. Байқаудың ІІ кезеңінде оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту арқылы қазақ тілін қадірлейтін, тілдің қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастырудағы шығармашылық жұмыстарымен таныстырды.

Байқау жұмыстарын «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары мен тренерлері бағалады.

Байқау қорытындысында жеңімпаздар арнайы орындар мен номинациялар бойынша анықталды. Сонымен қатар жеңімпаздар мен жүлдегерлер институт тарапынан Дипломдармен, Алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Ақпан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ