«Т.Жүргеновтің қалдырған мұралары» атты тарихи кеш

2019 жылдың 8 ақпаны күні Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінде ұлтымыздың мақтанышы, мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновтің құрметіне орай «Т.Жүргеновтің қалдырған мұралары» тақырыбында тарихи кеш болып өтті.

Тарихи кешке «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары С.Серікбаев және облысымыздың тарихшы-ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, колледж оқытушылары мен студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.

Тарихи кеште «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары С.Серікбаев «Т.Жүргеновтің Қазақстан мәдениетіне қосқан үлесі» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада Т.Жүргеновтің 1930 жылдары Қазақстанның оқу-ағарту және мәдениетін дамытудағы атқарған қызметтері жан-жақты талданды. Сонымен қатар Т.Жүргенов атындағы қордың төрағасы С.Аңсатов мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновтің құрметіне орай атқарылған жұмыстарын баяндап берді.

Кеш соңында қатысушылар Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық драма театрының әртістері ұйымдастырған «Темірбек Жүргенов» атты спектакльді тамашалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Ақпан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ