Біліктілік арттыру курстары басталды

 

2019 жылдың 8 ақпаны күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында институт базасы мен аудандарда ұйымдастырылатын біліктілікті арттыру курстарының дайындығын талқылау мақсатында жиын өтті.

Жиынды институт директоры Б.Елеусінов кіріспе сөзбен ашты.

Жиында жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында тиімді оқыту мен оқу сапасын арттыру, жаңа оқу жылының ерекшеліктері және курстарды кеңсе заттарымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Жиын қорытындысында курс жетекшілеріне тапсырмалар берілді.

2019 жылдың 11 ақпан – 7 наурыз аралығында институт базасы мен аудандарда ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында 13 біліктілік арттыру курстары, 2 қысқа мерзімді біліктілік арттыру курстары өткізіледі.

Курс барысында курс тыңдаушыларына жаңартылған білім беруде белсенді білім беру ортасын қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, функционалды сауаттылықты арттыру жолдары және жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшеліктері таныстырылып, бағдарламаны іске асыру, жоспарлау жүйесімен жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар түрлі бағыттағы тәжірибелік сабақтар, ықшам сабақтар, тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізу жоспарланған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Ақпан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ