Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту – өзін-өзі тануға негізгі рухани жол

 

 

2019 жылдың 13 ақпаны күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясы базасында «Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту – өзін-өзі тануға негізгі рухани жол» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинар жұмысының мақсаты – мектептің тұтас педагогикалық үдерісінің негізінде жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу, жалпыадамзаттық құндылықтар негізін мектептегі оқу пәндеріне кіріктіруге бағыт-бағдар беру.

Семинар жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренерлері, аға оқытушылары, Қызылорда қалалық білім бөлімінің әдіскерлері мен қала мектептерінің өзін-өзі тану пәні мұғалімдері қатысты.

Семинар барысын мектеп-гимназия директоры Д.Абдраймов кіріспе сөзбен ашып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

Семинарға қатысушылар мектеп мұражайы мен «Шеберлік – сұлулықтың бастауы», «Роботтар әлемінде» атты көрмелерді тамашалады. Мектеп-гимназияның үлкен залында институт тренері Г.Әбдіқалықова «Жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау арқылы сабақты жоспарлаудағы кейбір мәселелер» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.

Семинар жұмысының қорытындысында қаланың өзін-өзі тану мұғалімдері өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Ақпан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ