Тоғызқұмалақтан Халықаралық турнир өтуде

 

2019 жылдың 1-6 наурыз аралығында Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы және облыстық Тоғызқұмалақ Зияткерлік қауымдастығының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы Оқушылар сарайында мемлекет және қоғам қайраткері Н.Ергешбаевты еске алуға арналған Тоғызқұмалақтан Халықаралық турнир өтуде.

Турнирдің ашылу салтанатында Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев, Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Н.Байқадамов, Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының бас хатшысы, ҚР еңбек сіңірген жатықтырушысы М.Шотаев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыстың бас төрешісі – ҚР еңбек сіңірген жатықтырушысы, ҚР Тоғызқұмалақтан мемлекеттік тренері А.Жақапбаева.

Халықаралық турнир бірнеше жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Спорт сайысы биыл 12-ші мәрте жалауын көтерді.

Турнирге Ауғанстан, Әзірбайжан, Түрікменстан, Түркия, Болгария, Босния және Герцеговина, Қырғызстан, Моңғолия мемлекеттерінен, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 12 облысынан 218 спортшы қатысуда.

Жарыс классика бойынша жас ерекшелігіне сәйкес төрт топта өткізілуде. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлердің есімдері 6 наурыз күні анықталады.

Турнир барысында Облыстық Тоғызқұмалақ Зияткерлік қауымдастығының вице-президенті, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының бас хатшысы, ҚР еңбек сіңірген жатықтырушысы М.Шотаев, ҚР Тоғызқұмалақтан мемлекеттік тренері А.Жақапбаева, Моңғолия елінен келген қонақ Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының мүшесі Е.Долдай, Павлодар облысының аға жатықтырушысы, ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ж.Қаймулдин, Түркістан облысы Қожа Ахмет Ясауи атындағы университетінің команда жетекшісі Қ.Дәуренқұлов, спорт шебері, ҚР чемпионы М.Елеусінов, Қызылорда облысының аға жатықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Тоғызқұмалақтан 3 дүркін әлем чемпионы Х.Елеусіновпен бірлесе, Тоғызқұмалақ Зияткерлік қауымдастығының жұмысы мен алдағы жоспарлары жайлы өзара ой бөлісіп, ұсыныстарды ортаға салды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ