«Ұлы Жібек жолы» атты облыстық конференция

2019 жылдың 12 наурызы күні Қызылорда қаласындағы «Абылай хан» атындағы жоғары колледжі және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Ұлы Жібек жолы» атты облыстық ғылыми-теориялық конференция өткізілді.

Конференцияның мақсаты – Елбасы мақаласы бойынша өңіріміздегі зиялы қауым өкілдерімен пікірлесіп, насихаттау, жастарды халқымыздың тарихи мұраларын, құндылықтарын бағалауға үйрету. Төл тарихымыз бен мәдениетімізге қатысты тарихи сананы жаңғырту бағытындағы жобалардың ерекшеліктерімен таныстыру.

Облыстық ғылыми-теориялық конференция жұмысына мәдениет және саяси-қоғамдық бағыттағы мекеме қызметкерлері, ғалымдар, ЖОО оқытушылары мен көшбасшы студенттері, БАҚ-тың өкілдері қатысты.

Конференция барысында Облыстық Мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының КММ-нің қоғамдық саяси тарихы бойынша филиал басшысы Г.Ахметова, «Нұр Отан» партиясы, «Жас Отан» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Т.Оспанұлы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.Оразбақов, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ардагер-ұстазы С.Малимова, «Абылай хан» атындағы жоғары колледж директорының оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Жансүгірова, институттың аға оқытушысы Ж.Құлымбетова баяндама жасады. Сонымен қатар баяндамашылар конференцияға қатысушылар тарапынан берілген сұрақтарға жауаптар берді.

Конференция соңында қатысушыларға «Абылай хан» атындағы жоғары колледжі және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты тарапынан сертификаттар табысталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ