Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алудағы ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынас мәселесі талқыланды

2019 жылдың 13 наурызы күні «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Білім беру» бағытындағы Аймақтық комиссиясының «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алудағы ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынас мәселесі» тақырыбында аймақтық комиссия отырысы өтті.

Аймақтық комиссияның кезекті отырысына облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, Білім саласының өкілдері, облыстық және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Аймақтық комиссия отырысын «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Е.Байтілес кіріспе сөзбен ашты.

Комиссия отырысының жұмысын «Нұр Отан» партиясы Сайлауалды бағдарламасының «Білім беру» бағытындағы Аймақтық комиссия жетекшісінің орынбасары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов жүргізіп отырды. Комиссия отырысының күн тәртібінде «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алудағы ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынас мәселесі» талқыланды.

Комиссия отырысында Облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары А.Қасымова, «Облыстық жастар ресурстық орталығының» Жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Ж.Тасабаев баяндама жасады.

Жиын соңында комиссия отырысында қаралған мәселелер кеңінен талқыланып, комиссия мүшелері тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, қаулы қабылданды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ