Мектепалды білім беру ұйымдарында заманауи технологияларды енгізудің тиімді жолдары

 

2019 жылдың 14 наурызы күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен «Мектепалды білім беру ұйымдарында заманауи технологияларды енгізудің тиімді жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – мектепке дейінгі білім беру ұйымдары және мектепалды даярлық топтары педагогтерінің тәжірибесін жетілдіру мен кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.

Семинар жұмысына аудандық (қалалық) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері, әдіскерлері, педагог-тәрбиешілері, мектепалды даярлық топ тәрбиешілері қатысты.

Семинарды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі, профессор Б.Кожамберлиев кіріспе сөзбен ашты.

Семинар барысында институттың аға оқытушысы С.Құсейнов «Критериалдық амал негізінде оқу-тәрбие жұмысын бағалау қызметін құру», Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі А.Байжігітова «Мектепалды білім беру ұйымдарында заманауи технологияларды енгізудің тиімді жолдары», Қазалы ауданындағы М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі М.Айжігіт «Мектепалды білім беру ұйымдарында заманауи технологияларды енгізудің тиімді жолдары», Жалағаш ауданындағы Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Г.Елікбаева «Мектепалды даярлық топтарында білім мазмұнын жаңартуда инновациялық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері», Қызылорда қаласындағы Б.Шалғынбаев атындағы №217 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі М.Таңатарова «Балалардың сөздік қорын дамыту» тақырыбында баяндама жасады.

Семинар қорытындысында институт әкімшілігі тарапынан үздік баяндамашыларға алғыс хаттар мен қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ