Оқушы, ұстаз, ата-ана үштік одағының ынтымақтастығы

 

2019 жылдың 14 наурызы күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Қызылорда қалалық білім бөлімі және Қызылорда қаласындағы Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектебінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Оқушы, ұстаз, ата-ана үштік одағының ынтымақтастығы» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

Семинар жұмысының мақсаты – оқушылармен жеке жұмыстар жүргізе отырып, кешенді әлеуметтік қызмет көрсету, сынып жетекшілермен жоғары деңгейде жұмыс жүргізу, тәрбие ісінің сапасын арттыру мақсатында тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісу, ата-ананың бала өміріндегі орны мен рөлі туралы кеңесу, ата-аналарға педагогикалық-психологиялық көмек беру, ата-ана мен мектептің өзара тығыз байланысын дамыту.

Семинар жұмысына Қалалық мәслихат депутаты А.Нақып, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Қ.Есекеева, Қалалық білім бөлімінің бас маманы Г.Құдайбергенова, Облыстық девианты мінез-құлықты мектеп-интернатының директоры Б.Шораев және Облыстық жастар орталығы, Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының қызметкерлері, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің психология кафедрасының оқытушылары, мектептердің тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтері, әлеуметтік педагогтер, мектеп оқушылары қатысты.

Семинар барысында баяндамалар жасалып, ашық тәрбие сағаттары, дөңгелек үстел, ата-аналармен бірлескен тренинг, сайыс сабақтар мен танымдық сабақтар өткізілді.

Семинар жұмысы концерттік бағдарламамен қатар оқушылардың қолөнер, спорт жетістіктері бойынша ұйымдастырылған «Жылы жүрек – жомарт қол», «Психология – адамзат ақыл ойының қазынасы» тақырыбындағы көрмелермен жалғасты.

Семинар қорытындысында қатысушылармен кері байланыс жасалып, ұсынымдармен қорытындыланды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ