Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын тиімді іске асыру тәсілдері

2019 жылдың 3 сәуірі күні «Өрлеу БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және «Ер Төстік» балабақшасы бірлесіп «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын тиімді іске асыру тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салалары негізінде кіріктіре отырып мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын ашу, балаларда білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

Іс-шараға «Өрлеу БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Ж.Кулымбетова, облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының мектепалды даярлық топтары мен сыныптарының педагогтері, балабақша тәрбиешілері мен ата-аналар, балабақша бүлдіршіндері қатысты.

Семинар барысында ІІ кіші «Күншуақ» тобының тәрбиешісі Ғ.Құтыбаева «Бөлме өсімдіктері», ортаңғы «Ақжелкен» тобының тәрбиешісі А.Барахатова «Тас бол» ертегісі, МАД «Бәйтерек» тобының тәрбиешісі Ж.Байғараева «Ф» дыбысы мен әрпі, «Балауса» ортаңғы тобының тәрбиешісі А.Жармахан «Қазақтың ұлттық әшекейлері» тақырыптарында оқу қызметтерін көрсетті.

Семинар соңында қатысушылар ұйымдастырылған оқу қызметінің тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ