«Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық дәріс-семинар

 

2019 жылдың 11-12 сәуір аралығында «Өрлеу БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің және Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен институттың «Рухани жаңғыру» кабинетінде«Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық дәріс-семинар өткізілді.

Дәріс-семинардың мақсаты – Республика көлемінде жаңа латын графикасымен жазылған жазба тіліміздің жүйесін, латын негізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын, емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренер-мамандар дайындау.

Семинар жұмысына институттың аға оқытушылары, өңірдегі оқу орталықтары мен ЖОО-ның оқытушылары, облыс мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында Латын әліпбиіне көшудің маңызы туралы баяндамалар жасалып, қазақ әліпбиінің қысқаша тарихы, графикасы мен құрамы, әріп-фонема арақатынасы, айтылым және жазылым нормалары туралы ақпараттар берілді.

Жаңа емле ережелерін үйрету барысында инновациялық, педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдердің әдiстемелiк қағидалары қолданылды. Қатысушылар өзіндік сауалдары мен пікірлерін ортаға сала отырып, латын әліпбиі бойынша білімін жетілдірді.

Семинар соңында қатысушыларға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің және Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының арнайы сертификаттары табыс етілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ