«Ізденіс» Жасыл академиясының симпозиумы өтті

 

2019 жылдың 12 сәуірі күні Қызылорда қаласындағы М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғырудың» 2 жылдығына орай оқушылар жылыжайының ғылыми-өндірістік нәтижесі «Ізденіс» Жасыл академиясының симпозиумы өтті.

Ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – бәсекелік қабілетті арттыру бағытында мектеп оқушыларының жылыжайдағы ғылыми ізденістері мен еңбек өнімдерін насихаттау, жастарды кәсіпкерлікке тәрбиелеу.

Симпозиумға Облыстық білім басқармасының басшысы М.Мелдебекова, Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Р.Байназарова, «Өрлеу БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов, Педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласындағы филиал директоры С.Камалова, Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы «Тәрбие және білім» бөлімінің басшысы Ә.Әбдіхалықова, Қалалық білім бөлімінің басшысы А.Қасымова, инновациялық мектеп директорлары және мектеп оқушылары қатысты.

Симпозиумды Облыстық білім басқармасының басшысы М.Мелдебекова кіріспе сөзбен ашты.

Симпозиумда №15 мектеп-лицей директоры К.Серекеева «Ізденіс» Жасыл академиясы – білім, тәжірибе алаңына таныстырылым жасады. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, биология ғылымының кандидаты Р.Құрманбаев «Жасыл академия – оқушыларды ғылыми ізденушілікке баулу мүмкіндіктері» тақырыбында тәжірибе алмасты. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының егіншілік және өсімдік қорғау бөлімінің басшысы Н.Аманбай «Жылыжай – кәсіпкерлікті дамыту жолындағы қадам», БҰҰ Даму бағдарламасының менеджері Б.Егізбаева «Қызылорда облысы бойынша БҰҰ Даму бағдарламалары аясындағы жобалар» тақырыптарында таныстырылымдар жасады. Сонымен қатар №15 мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Н.Нұрмаханов «Оқушының зерттеушілік қабілетін дамыта отырып, шығармашылыққа баулу» тақырыбында ғылыми жетекші ретіндегі өз тәжірибесімен бөлісті.

Симпозиумды облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының «Тәрбие және білім» бөлімінің басшысы Ә.Әбдіхалықова қорытындылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ