Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын тиімді іске асыру тәсілдері

 

2019 жылдың 16 сәуірі күні «Өрлеу БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және «Ер Тарғын» балабақшасы бірлесіп «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын тиімді іске асыру тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

Облыстық семинарға «Өрлеу БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Л.Ташева, облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының мектепалды даярлық топ педагогтері, балабақша әдіскерлері мен тәрбиешілері, балабақша бүлдіршіндері қатысты.

Семинар барысында «Ботақан» ересектер тобының тәрбиешісі Б.Жомарт «З дыбысы мен әрпі», «Балдырған» ересектер тобының ағылшын тілі маманы А.Жанахова «Транспорт», «Шаттық» орта тобының тәрбиешісі М.Аймаханова «Жүк көлігі» тақырыптарында оқу қызметтерін көрсетті. Сонымен қатар «Балдырған» ересектер тобының тәрбиешісі Э.Сыздықова және топ бүлдіршіні Е.Ардақұлы «Қорқыт ата – ұлы тұлға» тақырыбында жоба қорғады.

Іс-шара соңында қатысушылар ұйымдастырылған оқу қызметтерінен алған оң тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Облыстық семинарды институттың аға оқытушылары Л.Ташева қорытындылап, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ