Оқытушылардың психологиялық саулығы – мақсатқа жетудің негізгі жолы

 

2019 жылдың 30 сәуірі күні «Өрлеу БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің бірлесіп ұйымдастыруымен колледж базасында облыс колледждерінің педагог-психологтарына арналған «Оқытушылардың психологиялық саулығы – мақсатқа жетудің негізгі жолы» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Семинар жұмысының мақсаты – оқытушыларға психологиялық тұрғыдан көмек көрсету, сол арқылы оқу үдерісінің тиімділігін арттыру. Сонымен қатар педагог-психолог мамандарымен өзара тәжірибе алмасу, оқытушылардың психологиялық саулығын сақтау, нығайту, оқу-тәрбие үдерісінде туындаған проблемаларды шешуге көмек көрсету және білім алушылардың бойындағы күйзелісті болдырмау жолдарын қарастыру.

Семинар барысында «Өрлеу БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы О.Орманов өзекті дәріс оқып, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар облыс колледждерінің педагог-психологтарына арнап шеберлік сыныбын өткізді.

Семинар қорытындысында педагог-психологтарға сертификаттар табысталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29          

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ