С.Нұртаев атындағы 9-10 сынып оқушылары арасында Қазақстан тарихы бойынша цифрлық форматтағы Республикалық олимпиада өткізілді

2019 жылдың 3 мамыры күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен Қармақшы ауданы Ақжар ауылының №28 орта мектебінде ұлағатты ұстаз, КСРО білім беру ісінің үздігі Сәден Нұртаев атындағы 9-10 сынып оқушылары арасында Қазақстан тарихы бойынша цифрлық форматтағы Республикалық олимпиада өткізілді. Олимпиадаға Қызылорда облысы оқушыларымен қатар Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Атырау облыстары мен Шымкент қаласының үздік оқушылары қатысты.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың Қазақстан тарихы пәніне деген қызығушылығын арттыру, интеллектуалды, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды оқушыларды қолдау және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға бейімі бар оқушыларды анықтау.

Республикалық білім сайысының ашылу салтанатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ директоры Б.Елеусінов, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ директоры С.Кеңесбаев, Қармақшы ауданының әкімі С.Мақашов, Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Б.Тәйімбетов және т.б. құттықтау сөз сөйлеп, олимпиада жұмысына сәттілік тіледі.

Олимпиаданың Республикалық кезеңі 2 тур бойынша өткізілді:

1-турда қатысушылар ACTIVote құрылғысы арқылы тест сұрақтарына жауап берді. Турдың қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған 9-сыныптан 8 және 10-сыныптан 8 қатысушы ақтық турға жолдама алды.

2-турда ақтық турға жолдама алған қатысушылар Power Point бағдарламасында жасалған деңгейлік тапсырмаларға жауап беру арқылы ұпайлар жинады. Ұпай қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған қатысушылар жеңімпаз және жүлдегер атанды.

Республикалық сайыстың 2-турында оқушылардың білімдерін әділқазылар алқасы институт директорының орынбасары С.Серікбаев, кафедра меңгерушісі Б.Қожамберлиев, аға оқытушы Р.Марсали бағалап, қорытындысын шығарды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен қаржылай сыйақы (1-орынға 120 мың теңге, 2-орынға 70 мың теңге, 3-орынға 50 мың теңге) табысталды.

9-сынып бойынша І дәрежелі дипломмен Қызылорда облысы, Сырдария ауданы №42 мектеп-лицейінің оқушысы Ш.Тельманқызы, ІІ дәрежелі дипломмен Қызылорда облысы, Шиелі ауданы №157 орта мектебінің оқушысы Д.Молдашова, ІІІ дәрежелі дипломмен Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы №28 қазақ орта мектебінің оқушысы Б.Сапарғалиқызы марапатталды.

10-сынып бойынша І дәрежелі дипломмен Шымкент қаласы №90 жалпы орта мектебінің оқушысы Б.Ералиев, ІІ дәрежелі дипломмен Қызылорда облысы, Сырдария ауданы №210 орта мектебінің оқушысы А.Примбетова, ІІІ дәрежелі дипломмен Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы №29 мектебінің оқушысы Қ.Мырзағалиұлы марапатталды. Сонымен қатар, облыстық олимпиадаға қатысушылардың барлығына және оқушылардың жетекшілеріне қаржылай сыйақы мен Алғыс хаттар табыс етілді.

Олимпиада ұйымдастырушылары мен қатысқан оқушыларға демеушілер тарапынан бағалы сыйлықтар мен қаржылай сыйақы берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ