Ұстаз – ұлы тұлға

 

2019 жылдың 13 мамыры күні Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицей ұжымының ұйымдастыруымен ұстаздық жолда ұзақ жыл еңбек етіп, өзінің саналы ғұмырында шәкірт тәрбиелеумен айналысқан ұлағатты ұстаз Әділбеков Асқар Қалиұлының өнегелі өміріне арналған еске алу кеші өткізілді.

Мұғалім мамандығын таңдаған ер азаматтардың іс-тәжірибелерін насихаттау, шығармашылық қабілеттерін айқындау, педагог мәртебесін көтеру мақсатында «Ұстаз – ұлы тұлға» атты А.Әділбеков атындағы мектеп ер мұғалімдерінің кәсіби байқауы өткізілді.

Байқауға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов, аға оқытушылар, оқу орталықтары мен ЖОО-ның оқытушылары, мектеп мұғалімдері қатысты.

Байқауды мектеп-лицей директоры А.Алтынбекқызы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайыс екі кезеңде өткізілді.

І кезең «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында «TED x» форматында өтті. Сайыскерлер өздерін таныстырып, мамандығының ерекшеліктерін атап, ұстаздық жолындағы жетістіктері мен озық іс-тәжірибелерімен бөлісті.

ІІ кезең «Талантты ұстаз» тақырыбында өтті. Сайыскерлер бейнеролик, әдеби оқу, театрлық қойылым, қолөнер, ән айту бөлімдері бойынша өнерлерін ортаға салды.

Байқаудың әділқазылар алқасы құрамында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов, Қызылорда облыстық білім басқармасы Облыстық оқу орталығының директоры С.Құрманғазыұлы, Қалалық білім бөлімінің кәсіподақ төрайымы О.Міржақыпқызы, Аймақтық дене тәрбиесі орталығы Спорт бөлімінің басшысы Ж.Оңдасынұлы қатысушыларды бағалап, қорытындылады.

Сайыс қорытындысында бас жүлдені Е.Теңізбайұлы иеленіп, «Жаңақорған шипажайына» жолдама алды. І дәрежелі диплом Ғ.Орынбасарұлы, ІІ дәрежелі диплом Р.Акимбекұлы, ІІІ дәрежелі диплом Е.Жалғасбекұлына табысталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ