«Үздік әлеуметтік педагог-2019» облыстық байқауы

2019 жылдың 17 мамыры күні Қызылорда облысы білім басқармасы Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен «Үздік әлеуметтік педагог-2019» облыстық байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты – шығармашылықпен жұмыс жасайтын, кәсіптік біліктілігі жоғары әлеуметтік педагогтарды анықтау, қолдау және қоғамда әлеуметтік педагог мамандығының дәрежесін көтеру, білім беру жүйесінде әлеуметтік-педагогикалық бағытты жетілдіру.

Облыстық байқаудың әділ қазылар алқасының құрамында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы С.Құсейнов, Облыстық білім басқармасы Балалар мен жасөспірімдерді қорғау бөлімінің бас маманы А.Қайруллаева, Қызылорда облыстық кәсіподақ комитеті төрайымының орынбасары Г.Есқалиева байқау қатысушыларының жұмысын бағалап, қазылық жасады.

Байқау барысында үміткерлер өздерінің білімділігі мен біліктілігін, кәсіби шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете білді.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, арнайы дипломен және сыйлықтармен марапатталды.

І орынды – Қызылорда қаласындағы №253 орта мектебінің мұғалімі Ф.Әбзиева;

ІІ орынды – Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы №118 орта мектебінің мұғалімі Н.Ахметова;

ІІІ орынды – Қызылорда облысы, Сырдария ауданындағы №132 орта мектебінің мұғалімі Р.Әбдреев иеленді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ