Балабақшам – балалықтың бақ мекені

 

2019 жылдың 28 мамыры күні «Өрлеу БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және Қызылорда қаласындағы «Сыр самалы» балабақшасының бірлесіп ұйымдастыруымен «Сыр самалы» балабақшасының 5 жыл толуына орай «Балабақшам – балалықтың бақ мекені» атты мерекелік кеш өткізілді.

Мерекелік шараға «Өрлеу БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Л.Ташева, курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу лабораториясының PR, SММ маманы Л.Асылова, Қалалық білім бөлімінің әдіскерлері және балабақша тәрбиешілері мен ата-аналар, бүлдіршіндер қатысты.

Бала болашағы үшін ерен еңбек ететін «Сыр самалы» балабақшасы «Өрлеу БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен әріптестік байланыста жұмыс жасайтын үздік балабақшалардың бірі болып саналады. «Сыр самалы» институтпен бірлесіп семинарлар, конференцияларды ұйымдастырып өткізеді және байқауларға қатысып жүлделі орындарды иеленіп келеді.

Кеш барысында Л.Ташева, Л.Асылова балабақшаның 5 жылдық мерейтойымен құттықтады. Кеш соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

Филиалдың аға оқытушысы Л.Ташева институт тарапынан балабақша меңгерушісіне Құрмет грамотасы мен үздік тәрбиешілерге Алғыс хаттар табыстады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 30 31    

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ