Жаһандану дәуіріндегі дәстүрлі отбасылық тәрбие және заманауи құндылықтар

 

2019 жылдың 29 мамыры күні Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде Қызылорда облысы әкімдігі және «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен «Жаһандану дәуіріндегі дәстүрлі отбасылық тәрбие және заманауи құндылықтар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференция жұмысын Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Рүстемов кіріспе сөзбен ашып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Конференцияға Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Н.Байқадамов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов, кафедра меңгерушісі Б.Қожамберлиев, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ проректоры Қ.Омаров, институт қызметкерлері, ЖОО-ның профессор-оқытушылары, облыстың зиялы қауымы және БАҚ өкілдері қатысты.

Конференция барысында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы К.Матыжанов «Балалар фольклорының тәрбиелік мәні», Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты С.Қоңырбаева «Қазақ отбасының этномәдени құндылықтар негізіндегі әлеуметтендірушілік әлеуеті», ҚМУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ұ.Жанбершиева «Тұрмағамбет шығармаларының ұлттық тәрбиемен сабақтастығы», «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі философия ғылымдарының докторы, профессор Б.Қожамберлиев «Моральдық-этикалық дәстүрлер – адамгершілік тәрбиенің бастауы», ҚМУ доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты М.Жайлауова «Студент жастардың отбасы құндылығын қалыптастыру» тақырыптарында баяндамалар жасады.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 31    

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ