Жаңаша оқытудағы критериалды бағалаудың ерекшеліктері

2019 жылғы маусым айының 5-6 аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, тренер Ж.Жубауова Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледж базасында колледждің бітіруші түлектері үшін «Жаңаша оқытудағы критериалды бағалаудың ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты – білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалаудың ерекшеліктерін түсіндіру және колледж түлектерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Семинар барысында колледж түлектері жаңаша оқытудағы критериалды бағалаудың ерекшеліктері тақырыбында өзара іс-тәжірибе алмасып, тренингтер мен тәжірибелік сабақтарға қатысты.

Семинар жұмысына қатысушылар жаңаша оқытудағы сабақ жоспарының ерекшеліктері мен критериалды бағалаудың түрлерін, СМАРТ критерийлеріне сай сабақ мақсатын айқындау жолдарын, Блум таксономиясы бойынша ойлау деңгейі тапсырмаларын дайындауды меңгерді.

Семинар мазмұны құнды, өзектілігі және тәжірибелік маңыздылығы өте жоғары деңгейде өтті.

Семинар қорытындысында түлектерге сертификаттар табыс етілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Маусым 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ