Әріптестерге әдістемелік қолдау

 

2019 жылдың 27 мамыр – 7 маусым аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында Қызылорда филиалының аға оқытушысы О.Маханбетовтің жетекшілігімен «Физика» пәнінен жаңартылған бағдарлама бойынша біліктілік арттыру курсы болып өтті.

Көкшетау қаласындағы институт базасында өткізілген курсқа Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінен 19 мұғалім қатысты.

Біліктілік арттыру курсының мақсаты – жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында «Физика» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Курс барысында пән мұғалімдерімен бағдарламаның түйінді идеяларын оқыту үдерісіне енгізуді тиімді жоспарлау, критериалды бағалау жүйесін енгізу, белсенді оқу тәсілдерін пайдалану және саралап оқытуды ұйымдастыру бағытында тренингтер мен тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар тыңдаушылар физика сабақтарында жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқушылардың өздігінен білім алу, сын тұрғысынан ойлау, проблемаларды шешу дағдыларын қалыптастырудың тиімді тәсілдерін үйреніп, кәсіби шеберліктерін арттырды.

Курс соңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, п.ғ.д. Н.Стукаленко біліктілік арттыру курсын жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізген курс тренері О.Маханбетовке ризашылығын білдіріп, институт атынан Алғыс хатпен марапаттады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Маусым 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ