Ширек ғасыр шежіресі

2019 жылдың 15 маусымы күні Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 25 жылдық мерейтойына арналған «Ширек ғасыр шежіресі» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекелік кешке Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы М.Мелдебекова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызметі істері департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А.Мұхимов, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов, Облыстық оқу-әдістемелік орталығының директоры С.Асқаров, облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының ата-аналар комитетінің төрағасы Т.Ыстықбаев және облыстық мектеп директорлары мен орынбасарлары, әртүрлі жылдардағы түлектер, ата-аналар мен оқушылар қатысты.

Іс-шара барысында М.Мелдебекова, Б.Елеусінов, А.Мұхимов лицей-интернатының бітіруші түлектері мен білім көшінде ширек ғасыр тарихы бар лицей-интернатында шәкірттер тәрбиелеп келген ұстаздарды құттықтап, Білім басқармасы және институт тарапынан Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар табыстады.

Мерекелік кеш соңында түлектердің балалары, балбөбектер ұстаздар мен аналарын әнмен құттықтаса, лицеймен тығыз байланыс орнатып отырған оқу орындары, өнер ордалары, ата-аналар құттықтауларын музыкалық сәлемдеме ретінде жолдады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Маусым 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ