А.Байтұрсынов мұралары және латын әліпбиі

 

2019 жылдың 17 маусымы күні Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы №170 орта мектепте «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен «А.Байтұрсынов мұралары және латын әліпбиі» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Семинар жұмысына «Рухани жаңғыру» орталығының директоры М.Нұрлыбек, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы М.Орманова, Облыстық мұрағат және құжаттандыру мекемесінің қызметкерлері мен Қазалы ауданы мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Семинарда «Тіл – тарих, тағылым» тақырыбында құнды жәдігерлерден көрме таныстырылды. Семинар барысында мұғалімдерге коучинг, тренинг, дебат, интеллектуальды шоу шаралары ұйымдастырылды. Облыстық мұрағат және құжаттандыру мекемесінің қызметкері Ж.Алтынбаева ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында латын әрпінде жарық көрген еңбектерді семинар қатысушыларының назарына ұсынып, ұлттың ұлы ұстазы – А.Байтұрсыновтың шығармашылығы мен мұраларына тоқталып, ақынға қатысты құнды құжаттармен таныстырды.

«Рухани жаңғыру» орталығының директоры М.Нұрлыбек және семинар жұмысына қатысушылар «А.Байтұрсынов мұралары және латын әліпбиі» тақырыптарында келелі баяндамалар оқып, латын әліпбиін үйренудің тиімді жолдары мен латын әліпбиіне ауысу мәселелеріне тоқталып, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Семинар қорытындысы бойынша үздік мұғалімдерге институт және Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының Алғыс хаттары табысталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Маусым 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ