Шешендік өнер: сөйлеу мәдениеті мен технологиясы

 

2019 жылдың 21 маусымы күні Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасында «Шешендік өнер: сөйлеу мәдениеті мен технологиясы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингтің мақсаты – аймақтағы дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндірме топ мүшелерінің көпшілік алдында толғамды ой, түйінді пікірлерімен жұмыс істеу мүмкіндіктерін арттыру, шешендік өнерге және пікір еркіндігі мен ойын жүйелі жеткізуге баулу.

Семинарды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Маханов кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды. Семинар жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі Б.Кожамберлиев, Дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Б.Камалов, «Ritorix» шеберлік өнер мектебінің жетекшісі Г.Битанова, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының доценті А.Айтбаева, Бизнес инкубатор орталығының басшысы Ж.Оразбақов және облыс әкімдігі жанындағы ақпараттық түсіндірме тобының мүшелері, психологтар мен теологтар қатысты.

Семинар-тренинг барысында спикерлер Қазақ Экономикалық университетінің «Мемлекеттік басқару» кафедрасының доценті К.Абенова, «Медиа Холдинг» бас продюсерінің орынбасары Е.Мұхамеджан және Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың доценті А.Айтбаева «Шешендік өнеріңді шыңда», «Шешендік өнер және сөйлеу мәдениеті», «Презентация жасаудың тиімді тәсілдері» тақырыптарында баяндамалар жасады.

Семинар-тренинг барысында өңірлік ақпараттық түсіндірме топ мүшесі, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі Б.Кожамберлиев шешендік өнер мен сөйлеу мәдениеті туралы ой-пікірін білдірді.

Семинар-тренинг қорытындысында қатысушылар шешендік өнердің теориялық және тәжірибелік әдіс-тәсілдерін кеңінен талқылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Маусым 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
25 26 27 28 29 30

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ