«Өрлеу» бастауыш партия ұйымы ашылды

2019 жылдың 26 қыркүйек күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Рухани жаңғыру» кабинетінде «Nur Otan» Партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихаттың депутаты Ш.Абдрахманов «Өрлеу» бастауыш партия ұйымын ашты.

Күн тәртібіне сәйкес «Өрлеу» бастауыш партия ұйымының төрағасы болып «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов сайланды.

Кездесу барысында Ш.Абдрахманов Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты бағдарламасы негізінде алға қойылған мақсаттарын түсіндірді. Сонымен қатар БПҰ-ның жұмысына басымдық беріп, қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдауға келген тұрғындардың өтініштерін оңтайлы шешуге, партиялық жобалардың іске асуына әрдайым бірге жұмыс жасау керек екенін баяндады.

Институттың кафедра меңгерушісі Б.Кожамберлиев ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауынан туындайтын міндеттерге тоқталды.

Жиын соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Кеңестің комиссия төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Ә.Нақып атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ