Жаңартылған білім мазмұнындағы бағалау жүйесінің мазмұны мен мақсаты

 

2019 жылдың 30 қыркүйек күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және «Мектеп-ата-ана-қоғам» қоғамдастығының бірлесе ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы №257 орта мектепте «Жаңартылған білім мазмұнындағы бағалау жүйесінің мазмұны мен мақсаты» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.

Әдістемелік семинарда ата-аналар және пән мұғалімдерімен критериалды бағалау, жиынтық бағалау кезеңдері мен үдерісі, ата-ана мен баланың қарым-қатынасындағы бағалаудың орны, ата-ананың педагогикалық әдебі тақырыбында шеберлік сыныбы, сындарлы диалог жүргізілді.

Институтының аға оқытушысы Р.Мәрсәлінің ұйымдастыруымен өткізілген шеберлік сыныбы барысында «Болашақ», «Бәйтерек» (ата-аналар) және «Ұлағат» (мұғалімдер) болып топтасқан қатысушылармен «Жапон әліппесі», «Шеңберге жиналатын уақыт» стратегиялары жүргізіліп, әр стратегия кері байланыспен бағаланып отырды. Семинар барысында ата-аналардың сұрақтарына тренер Р.Мәрсәлі мен мектеп директоры Г.Сүлейменова және пән мұғалімдері тарапынан жауаптар берілді.

Семинар қорытындысында мектеп әкімшілігімен ата-аналар тығыз байланыста осындай іс-шараларды бірлесіп өткізіп отыруға келісті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ