Ұстазды ұлықтау

2019 жылдың 3 қазаны күні Қызылорда қаласындағы Абылай хан атындағы №140 орта мектепте «Ұстаз ұлы тұлға» атты ұстаздар күніне орай салтанатты іс-шара болып өтті.

Салтанатты шараға «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Н.Мыңжас, «Өңірлік оқыту» орталығының басшысы Н.Мусаева, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары С.Серікбаев, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының тарихшы-ғалымдары, мектеп директорлары және БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты іс-шара барысында мектеп директоры А.Мусабаева оқушылардың әлеуметтік жобаларымен таныстырды. Мектеп базасында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының филиалы ашылды. Сонымен қатар «Дара жол» бағдарламасы аясында ұлағатты ұстаз, тарихшы-ғалым М.Аңсатованың ұстаздық жолын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында кездесу өткізілді.

Салтанатты жиында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары С.Серікбаев тарихшы-ғалым М.Аңсатованың ұстаздық жолынан өнегелі естеліктерге тоқталып, мектеп ұжымын ұстаздар күнімен құттықтады.

Салтанатты іс-шара соңында мектеп оқушылары концерт ұйымдастырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ