Руханият ұлықтаған ұлағат

А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде белгілі қаламгер, балалар ақыны, ұстаз-ғалым Рахат Наурызбайқызының 75 жылдық мерейтойына арналған «Руханият ұлықтаған ұлағат» атты шығармашылық кеші болып өтті.

Шығармашылық кешке «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов және кәсіподақ комитетінің төрағасы О.Маханбетов, білім беру ұйымдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері, шәкірттері қатысты.

Рахат Наурызбайқызы ұстаздықпен қатар көркемсөздің керемет зергері, балалар ақыны ретінде есімі белгілі.

Ақынның қарымды қаламынан туған «Бастау», «Аққозы», «Сергек Серік» және т.б. құнды жыр жинақтары өскелең ұрпақты тәрбиелеуде бағалы еңбек болып табылады. «Жыл басы кім болады?», «Аңдардың айтысы» атты шығармалары 2-3 сыныптың «Музыка» оқулығына енгізілген. Жарты ғасырдан астам уақыт ұстаздық еткен кезеңде көптеген шәкірттерге сапалы білім мен саналы тәрбие берді. Соның нәтижесінде ұстаздың шәкірттері бүгінде білікті азаматтар болып қалыптасып, елімізде абыройлы қызмет атқаруда.

Шығармашылық кеште институт директоры Б.Елеусінов ұстаз-ғалымның жас ұрпақты тәрбиелеу мен мұғалімдердің кәсіби дамуына қосқан өлшеусіз еңбегін атап өтіп, Құттықтау хат тапсырып, сый көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ