Әлемдік білім берудегі интеграциялық ұстанымдар: ұлттық, аймақтық жүйелердің дамуының әлемдік құраушысын күшейту

2019 жылдың 29 қазаны күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Халықаралық мұғалімдер күнінің 25 жылдығы» аясында «Әлемдік білім берудегі интеграциялық ұстанымдар: ұлттық, аймақтық жүйелердің дамуының әлемдік құраушысын күшейту» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция болып өтті.

Конференцияны институт директоры Б.Елеусінов кіріспе сөзбен ашты.

Конференция жұмысына Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының профессорлық-оқытушылық құрамы, жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы курстар бойынша сертификатталған мұғалімдері, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстан Республикасынан барлығы 140 адам қатысты.

Конференция жұмысының пленарлық мәжілісінде 13 баяндама тыңдалып, талқыланды. Конференция жұмысына қатысушыларға арнайы сертификат берілді. Конференция материалдары электронды ғылыми-әдістемелік жинақ түрінде шығарылып, PDF форматында жарияланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 31      

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ