Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы педагогтың кәсіби шеберлігін арттыру

2019 жылдың 30 қазаны күні «Өрлеу БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен «Сыр еркесі» балабақшасы бірлесіп «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы педагогтың кәсіби шеберлігін арттыру» тақырыбында облыстық тәжірибе алмасу семинарын өткізді.

Семинар мақсаты – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту шеңберінде мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Облыстық семинарға «Өрлеу БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Л.Ташева және облыс бойынша балабақша тәрбиешілері мен ата-аналар, бүлдіршіндер қатысты.

Институттың аға оқытушысы Л.Ташева семинар барысын кіріспе сөзбен ашып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

Семинар барысында балабақша әдіскері Л.Тұрабаева «Балабақша тынысы», логопед А.Нұрәліқызы «Ойлайық та, ойнайық!», мектепалды даярлық «Айгөлек» тобының тәрбиешісі А.Акимшеева «Н дыбысы мен әрпі», мектепалды даярлық «Сұңқар» тобының тәрбиешісі Л.Жиеналиева «7 саны мен цифры», психолог М.Ілиясова «Мен және менің анам» тақырыптарында ұйымдастырылған оқу қызметтерін өткізді.

Облыстық тәжірибе алмасу семинары соңында қатысушылар психолог тренингі мен оқу қызметінің тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Облыстық оқу семинарын институттың аға оқытушысы Л.Ташева қорытындылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30      

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ