Сындарлы оқыту теориясы Қазақстан тарихын оқыту курсында: тарихи білім, сындарлылық, көкжиектер

2019 жылдың 1 қарашасы күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Сындарлы оқыту теориясы Қазақстан тарихын оқыту курсында: тарихи білім, сындарлылық, көкжиектер» тақырыбында ІV республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті.

Конференция жұмысын институт директорының орынбасары С.Серікбаев ашты.

Конференция мақсаты – тарих пәнін оқытуда сындарлы оқыту теориясын қолдану әдістемесімен бөлісу, озық тәжірибелерді анықтау, тарату.

Конференцияға республика көлемінде жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері, колледждер, жоғарғы оқу орындарының педагогтары мен өңірлік филиал тренерлері мен аға оқытушылары қатысты.

Конференция барысында филиалдың аға оқытушылары Р.Мәрсәлі «Тарихи білім берудегі сындарлылық тарих пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі ретінде», Г.Акбенбетова «Тарихи-өлкетанулық мұражай жұмыстарын ұйымдастыру бағыттары», Қызылорда облысы, Сырдария ауданындағы №174 мектептің мұғалімі Н.Сейтмуратов «Тарих сабақтарында оқушылардың ізденіс ортасын арттыруда топтық жұмыс жасау дағдыларының тиімділігі», т.б. қатысушылар тарихи білім берудегі сындарлылық тетіктері тақырыптарында баяндамалар жасады. Сонымен қатар мектептерде тарихты оқыту әдістемесі, тарих сабағындағы дидактикалық ойындар, жаңарулар, «Мәңгілік ел» идеясының басты тетіктері бойынша сындарлы диалог орын алды.

Іс-шара соңында конференция қатысушыларына арнайы сертификаттар беріліп, келіп түскен мақалалар PDF форматындағы электронды жинаққа енгізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ