Білім беруді жаңарту жағдайында әлеуметтік педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту

2019 жылдың 14 қарашасы күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектепте «Білім беруді жаңарту жағдайында әлеуметтік педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы курс аясында көшпелі тәжірибе сабақ өткізілді.

Институттың аға оқытушысы О.Ормановтың жетекшілігімен өткізілген көшпелі тәжірибе сабақ барысында облыстың білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтері №112 орта мектебінің жұмыстарымен танысып, жаңалықтарымен бөлісті.

Көшпелі тәжірибе сабақта №112 орта мектебінің әлеуметтік педагогы Г.Ташенова «Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға, балаларға арнайы кешенді әлеуметтік қызмет көрсету және мемлекеттік құрылымдар мен «Арал балалары» қайырымдылық қоры арасында өзара байланыс орнату» тақырыбында жоба қорғап, өз тәжірибесімен бөлісті.

Сабақты институттың аға оқытушысы О.Орманов қорытындылап, тыңдаушылардың сұрақтарына жауаптар берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ