Критериалды бағалау – оқу сапасын дамыту құралы

2019 жылдың 18 қарашасы күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушылары У.Есмаганбетова, Ж.Исаева, Г.Таумаханованың ұйымдастыруымен «Критериалды бағалау – оқу сапасын дамыту құралы» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – жаңартылған бағдарлама аясында орта білім беретін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндері бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткен мұғалімдерді курстан кейінгі қолдау және кері байланыс орнату.

Семинар жұмысына облыс мектептерінен 100-ден аса пән мұғалімдері қатысты.

Семинарға қатысушылар үш пән бойынша секция жұмысына қатыса отырып, критериалды бағалау оқу нәтижесін талдаудың ұтымды тәсілі ретінде, жаңартылған бағдарлама аясында белсенді және диалогтік оқу тиімділігі, сабақ талдаудың негізгі басымдықтары, критериалды бағалауды қолданудың негізгі ерекшеліктері жайлы жоба жұмыстарын жан-жақты талқылай отырып, үздік сабақ үлгілерін көрсетті.

Семинар соңында қатысушылар сертификаттармен және Алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ