Заманауи мектеп: құндылықтар мен өзгерістер

2019 жылдың 29 қарашасы күні Сырдария ауданы әкімдігі мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицейінде «Заманауи мектеп: құндылықтар мен өзгерістер» тақырыбында педагогикалық идеялар фестивалі өткізілді.

Фестиваль мақсаты – Сырдария ауданы мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.

Педагогикалық идеялар фестиваліне Сырдария ауданының әкімі Р.Рүстемов, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов, институт тренерлері, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері мен білім ұйымдарының басшылары, жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ беретін пән мұғалімдері қатысты.

Фестиваль 25-29 қараша аралығында ұйымдастырылып, апталық аясында ауданның 17 мектебінде жаңартылған бағдарлама бойынша ашық сабақтар, тәжірибелік семинарлар, шеберлік-сыныптар, коучингтер, ата-аналармен тренинг жұмыстары жүргізілді. Апталық аясында институт тренерлері мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында пән бойынша жоспарға сәйкес арнайы 11 оқыту семинарын өткізді. Кәсіби басқосуда институт тренерлері сабақты тиімді жоспарлау, критериалды бағалау, оқу әрекетін белсендіру, барлық оқушыларды қамту, жиынтық бағалау тапсырмаларын дайындау мәселелері бойынша 300-ден астам мұғалімге ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріп, қолдау көрсетті. Сонымен қатар Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицейінде аудан мектептерінің тәжірибелі мұғалімдері 11 пән бойынша (қазақ, орыс, ағылшын тілдері, математика, физика, информатика, химия, биология, тарих, география, бастауыш сынып) 22 мұғалім ашық сабақ көрсетті. Ашық сабақтардан кейін өткізілген секциялық жұмыстарда 150-ден астам маман қамтылып, сабақты тиімді жоспарлау және талдау тақырыбында тәжірибе алмасты. Секция жұмыстарында оқудағы күрделі мазмұнды жеңіл және белсенді тәсілдермен меңгерту үлгілерінен, АКТ және сандық білім беру ресурстарын қолдану тәжірибелерін ортаға салды.

Фестиваль жұмысының қорытындысында пленарлық мәжіліс өткізіліп, Сырдария ауданының әкімі Р.Рүстемов, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов хабарлама жасады. Институт тренері Ұ.Есмағанбетова және №35 мектеп-лицей директоры Б.Бақбергенова жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктері мен критериалды бағалау жүйесінің маңызы туралы баяндамалар жасады.

Пленарлық мәжіліс соңында Сырдария ауданының әкімі Р.Рүстемов филиал директоры Б.Елеусіновке, тренер Ұ.Есмағанбетоваға Алғыс хат табыстады. Сонымен қатар фестиваль қатысушылары «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және Сырдария аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы мен дипломдарымен марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 30  

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ