«Тәжірибе алаңы-2020» ізденістерге толы

2020 жылдың 2 қаңтары күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және Облыстық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Жаңақорған» шипажай базасында облыс көлемінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздардың қатысуымен облыстық «Тәжірибе алаңы-2020» өткізілді.

 

Тәжірибе алаңының мақсаты – ұстаз мәртебесін көтеру, облыс көлемінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздардың шығармашылық әлеуетін, кәсіби құзыреттілігін, мұғалімдердің үздік тәжірибесін анықтау, тарату.

 

Облыстық Тәжірибе алаңына Облыстық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті төрайымының орынбасары Г.Есқалиева, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренерлері, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, облыс мұғалімдер қатысты.

 

Тәжірибе алаңының ашылу салтанатында Облыстық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті төрайымының орынбасары Г.Есқалиева сөз алып, облыстық жобаның маңыздылығына тоқталып өтті. Сонымен қатар институттың аға оқытушысы, ұйымдастыру алқасының жетекшісі С.Құсейнов қатысушыларды «Тәжірибе алаңының» жұмыс жоспарымен таныстырып, қатысушыларға шығармашылық табыстар тіледі.

 

Жиын аясында «Мұғалімнің жеке ізденіс зертханасы» кәсібилік көрмесі ұйымдастырылып, шығармашыл мұғалімдердің инновациялық жобалары мен ғылыми ізденістері, халықаралық, республикалық, облыстық деңгейлерде марапатталған мұғалімдердің жетістіктері көрсетілді. Ұйымдастыру алқасы мен сарапшылардың шешімі бойынша аудандар бойынша келіп түскен әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтар, авторлық бағдарламалар, дидактикалық материалдар сарапқа салынды.

 

Тренерлер Ж.Жубауова, О.Орманов, Г.Алиаскарова оқу үдерісінде түрлі жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып сабақты жоспарлауға, бағалау үдерістерінің дамуына ықпал ету мақсатында қызығушылығы мен пән бойынша топтық жұмыстар (фасилитациялық сессия) жүргізді. Сонымен қатар «Ауыл кеші көңілді» өнер кешіне қалалық және аудандық білім бөлімдері командалары түгелдей белсенді қатысып, көңілді ән, билерімен әзіл-шыны аралас көріністерімен өз өнерлерін ортаға салды.

 

Іс-шара соңында Тәжірибе алаңының ұйымдастыру алқасы, тәуелсіз сарапшылар және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері конференц залға жиналып, облыстық «Тәжірибе алаңының» бірінші күні өткізілген іс-шараларға тоқталып, сараптамалық талдау жасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ