Шеберлікті шыңдау алаңы

 

«Жаңақорған» шипажай базасында облыс көлемінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздардың қатысуымен облыстық «Тәжірибе алаңы-2020» жобасы жалғасын табуда.

2020 жылдың 4 қаңтары күні тренерлер Ж.Жубауова, О.Орманов және Г.Алиаскарованың жетекшілігімен алғашқы күннің фасилитациялық сессиясында анықталған 3 тұжырым бойынша өткізілген семинар-тренингтер қорытындыланды.

Ұйымдастыру  алқасының жетекшісі С.Құсейнов алаң қатысушыларына «Алтын көмбе» танымдық ойыны мен «Үздік бейне сабақ-2020» сырттай байқауын өткізді. Ұйымдастырушы-сарапшылар байқауға қатысушылардың жұмыстарын сараптап, қорытынды жасады. Сонымен қатар  «Брейн-ринг-2020» (командалық сайыс) таным сағаты ұйымдастырылды. Сайыс барысында әр түрлі пән бойынша логикалық сұрақтар қойылып, нәтижесінде озып шыққан жеңімпаз командалар жүлделі орындарға ие болды.

Облыстық «Тәжірибе алаңы» барысында ақындар айтысы өткізілді. Облыстық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті төрайымының орынбасары Г.Есқалиева әділ-қазылар алқасының құрамында болып, қатысушылардың өнерін бағалады. Айтыстың тақырыбы мұғалім мәртебесіне арналды. Қызықты кешке, айтыс мүшәйрасына команда мүшелері жоғары белсенділікпен қатысты. Жарасымды әзіл-қалжың мен түйткілді мәселелерді қозғаған қатысушылар жұртшылыққа кестелі жыр, сүбелі сөз сайысын паш етті. 

Іс-шара қорытындысында ұйымдастыру алқасы, тәуелсіз сарапшылар «Тәжірибе алаңының» үшінші күні өткізілген іс-шараларға сараптамалық талдау жасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ