Тәжірибе алмасудың ашық алаңы

2020 жылдың 3 қаңтары күні «Жаңақорған» шипажай базасында облыс көлемінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздардың қатысуымен облыстық «Тәжірибе алаңы-2020» жобасы жалғасын табуда.

Тәжірибе алаңында тренерлер Ж.Жубауова, О.Орманов және Г.Алиаскарованың жетекшілігімен, 80 мұғалімнің қатысуымен алғашқы күннің фасилитациялық сессиясында анықталған төмендегі 3 тұжырым бойынша «Қазіргі сабақ» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

-       Оқу мақсатына негізделген белсенді әдістер;

-       Деңгейлік тапсырмалар ерекшелігі;

-       оқушының қатысуына негізделген саралап оқытудың негіздері.

Семинар барысында тренерлер қатысушыларды топтарға біріктіріп, жаңартылған білім мазмұнының мәселелерін кеңінен талқылады.

Тәжірибе алаңына қатысушы мұғалімдердің идеяларын ортаға салу, шығармашыл идеяларды қолдау, педагогикалық кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, педагогикалық идеялар арқылы мұғалімдер тәжірибесіне оң ықпал ету мақсатында «Оқыту әдістемесін жетілдіру жолдары» (екі бағытта) тақырыбында идеялар аукционы ұйымдастырылды. Шара барысында Ж.Жубауова қатысушыларды идеялар аукционының мақсат-міндетімен таныстырды. Қазылар алқасы қатысушылардың идеяларын (жұмыстарын) тыңдап, сараптау жасап, қорытындыларын шығарды.

Институттың аға оқытушысы, ұйымдастыру алқасының жетекшісі С.Құсейновтің жетекшілігімен Тәжірибе алаңына қатысушылармен «Жаңартылған білім беру: өзгеріс, тәжірибе, нәтиже» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Тәжірибе алаңы» жобасы барысында тоғызқұмалақ, шахмат ойындарынан сайыс, «Үздік әлеуметтік педагог-2020» байқауы, «Әзілің жарасса....» (эпиграмма, пародиялар мен көріністер, КТК) Әзіл-қалжың кеші өткізілді. КТК 2 кезеңді құрады: 1-кезең: Сәлемдесу және 2-кезең: Биатлон (үздік әзілдер). КТК нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды. Байқауға қатысушы командалар сайыстарға белсене қатысып, өз әзілдерін тақырып төңірегінде үйлестіріп, кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Іс-шара қорытындысында Тәжірибе алаңының ұйымдастыру алқасы, тәуелсіз сарапшылар «Тәжірибе алаңының» екінші күні өткізілген іс-шараларға сараптамалық талдау жасап, рефлексия жүргізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ