Жаңартылған білім беру бағдарламасы – оқу үдерісі мен тәрбие берудегі құндылықтары

 

2020 жылдың 30 қаңтары күні Қызылорда қаласындағы Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім беру бағдарламасы – оқу үдерісі мен тәрбие берудегі құндылықтары» тақырыбында облыстық-инновациялық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – жаңартылған білім беру жағдайында НЗМ-нің оқу бағдарламаларын оқу үдерісіне енгізу және педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамыту, АКТ-ны қолдану арқылы мектептің іс-тәжірибесін таратып, пәндерді ағылшын тілінде оқытудың үлгісін көрсету.

Семинарға қала әкімінің орынбасары Б.Нуридинов, Облыстық білім басқармасының басшысы М.Мелдебекова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары С.Серікбаев, институттың аға оқытушысы М.Смагулова, Қалалық білім бөлімінің басшысы М.Абдикалыкова, Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылары, қала мектептерінің директорлары мен мұғалімдері, БАҚ өкілдері қатысты.

Семинарды Облыстық білім басқармасының басшысы М.Мелдебекова ашып, сәттілік тіледі.

Семинарда Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің түлегі, «Казинтерсервис» компаниясының басшысы Т.Төлеповтің демеушілігімен инновациялық, интеграциялық үлгідегі «Косморобототехника-анимация» кабинетінің ашылу салтанаты өтті.

Семинар барысында қала әкімінің орынбасары Б.Нуридинов демеуші Т.Төлеповті қала әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады.

Жиын соңында семинарға қатысушылар алған әсерлерімен бөлісті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30    

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ