«АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ

 

2020 жылдың 19 ақпаны күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Nur Otan» партиясы «Өрлеу» Бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Ашық есік» күні өтті.

Ашық есік күніне Қызылорда қалалық мәслихат депутаты Л.А.Қожаниязова, «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының консультанты Д.Кенжалиев, «Өрлеу» БПҰ қарасты №1, №5, №8 мектеп қызметкерлері қатысты.

Шара барысында Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Қожаниязова Ләйла Ақбергенқызы қала тұрғындарымен қоғамдық қабылдау жүргізді. Қабылдауға келген азаматтар коммуналдық қызмет, әлеуметтік көмек және өздері тұратын территорияны абаттандыру жөнінде өтініштерін білдірді. Депутат барлық өтініштердің өзінің жеке назарында болатынын айта келе, кейбір мәселелерге бағыт-бағдар беріп, шешілу жолдары жайлы  кеңес берді.

Банк ЦентрКредит және Халық банкінен шақырылған мамандар тұрғын үй және мемлекеттік бағдарламалар, сақтандыру түрлері жайлы бастауыш партия мүшелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Шара соңында «Өрлеу» Бастауыш партия ұйымының төрағасы Б.Елеусінов бастауыш партия ұйымының атынан көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында №1 мектеп қызметкері Л.Исаеваға, №5 мектеп ата-анасы З.Мусаеваға, №8 мектеп қызметкері С.Амановаға, институт қызметкері С.Шерімбетовке азық-түлік тапсырып, қайырымдылық көмек көрсетті.

«Ашық есік» күнін «Өрлеу» Бастауыш партия ұйымы төрағасы Б.Елеусінов қорытындылап, бастауыш партия ұйымы алдындағы міндеттерді жұмыла орындауға шақырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ